Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде (МКД) хабарлағандай, департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы МКД-нің төрт қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2, 4 және 3-тармақтарына («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара алуы») сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында МКД бөлімдерінің бірінің басшысының өз қарауындағылармен сөз байласып, құжаттарды кедергісіз және тездетіп ресімдеу мақсатында ақшалай пара алғандығы анықталды.
25 сәуірде №2 қалалық сот күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын белгіледі. Мамырда осы қылмыстық істі тергеу үшін облыстық прокуратура, МКД және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті қызметкерлерінен құралған ведомоствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ