Атырау, 29 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Атырау-арман»: «Туған жерде бас қостық»

4 897 просмотра

Қаламызға ғана емес, елімізге танымал, Атыраудың әнұранына айналған «Атырау – арман» әніне бейнебаян түсірілуде. Оның ерекшелігі сол – оған біздің облысымыздан түлеп ұшқан, қазіргі кезде еліміздің жарық жұлдыздарына айналған әншілер мен орындаушылар қатысады. Түсірілім қаламыздың ең көрнекті жерлерінде өтті.

Түсірілімнің бір кезеңі жақында ғана ашылған ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш жанында өтті. Бұл жерден біз әнді алғашқы орындаушы Ақмарал МАШИМОВАНЫ, Суперстар.кз жобасына қатысушы Динара СҰЛТАНДЫ, танымал джаз орындаушы Жанна ОРЫНБАСАРОВА және жас әнші Бақыт ТҰРМАНДЫ кездестірдік.

- Қазіргі кезде бұл ән Атыраудың әнұранына айналды, әзірге бұл әннен артық ән естіген емеспін, - дейді Жанна Орынбасарова. - Сондықтан Атыраудың түлектері жиналып, бас қосып, бейнебаян түсіру үстіндеміз. Түсірілімге елімізге танымал - Нұрлан Абдуллин, Бейбіт Көшқалиев, Ринат Гайсин, Динара Сұлтан, Бақыт Тұрман, Ақмарал Машимова және тағы басқа да көптеген өнер адамдары қуана келісті. Бәріміздің туған жерде кездескенімізге өте қуаныштымыз.

Түсірілім тобы арнайы Алматыдан келген, режиссері Илья КУЗИРОВ болса, операторы Нұрсұлтан БАЗАРБАЙ (ол да біздің жерлесіміз, қазір Алматыда жұмыс істейді).

Ж.Орынбасарованың айтуынша, бейнебаян бір айдың ішінде жарыққа шығып, еліміздің телеарналары арқылы көрсетілетін болады.

Еске сала кетейік, «Атырау – арман» әнін белгілі композитор, жерлесіміз Болат ҚОҚАМАНОВ, әннің сөзін ақын Маржан ЕРШУ жазған. Осыған дейін ән көптеген орындаушылардың репертуарына енген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

2 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.