Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға биылғы жылы да өткен жылғыдай 70 млн теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облыста 29 жастардың ҮМҰ белсенді түрде жұмыс істеп келеді.
Жастар саясаты мәселесі жөніндегі облыстық басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, үстіздегі жылы мемлекеттік тапсырысты бөлу әдеттегіден біраз кешігіп жүргізілді. Оған барлық ақпараттарды цифрлы форматқа көшіруге қатысты ережелердің өзгерісі себеп болды. Оның үстіне жастар өткізетін шаралар белгіленген уақытында өткізілді: 19-20 мамырда Атырауда кәсіптік шеберлік байқауының «WORLD SKILLS 2016» алғашқы ашық чемпионаты өтті. Бұл байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және кәсіби білім беруді дамыту болып табылады. «Жұмыс қолы олимпиадасы» деп аталатын байқауға Атыраудың білім беру ұйымдарынан 75 қатысушы қатысты, оларды 20 сарапшы 12 біліктілік бойынша бағалады. Қалалық чемионаттың жеңімпаздары республикалық жарыстарға қатыса алады, ал, республикалық жарыстардың көшбасшылары ТМД елдерінің чемпионатына қатысу үшін Минск пен Мәскеуге барады. Бұдан басқа «Студенттер көктемі» мен КВН ойындарының ширек финалы өтті.
Атырау саяжолдарында домбыра-пати өткізу дәстүрі, КВН студенттер лигасының ойындарын, студенттер мен мектеп оқушылары арасында Дельфий ойындары және «Не? Қайда? Қашан?» ойындарын өткізу жалғасатын болады. Мейірім Қалауи осы жыл ішінде және таяу арада қандай шаралар өткізілетіндігін әңгімеледі: 3 маусымда «Достық аруы», 2-3 маусымда облыстық Дельфий ойындары, 4 маусымда – «Менің туым» акциясы, 25 маусымда - буккроссинг, 10-12 тамызда – жастардың облыстық спартакиадасы, 16 тамызда – ауылшаруашылық мамандық-тарына арналған «Жас агро» акциясы, 27-28 тамызда - «Zhas-Atyrau-2016» екі күндік лагерь өткізілмекші. 20-21 қыркүйекте Атырау облыстық жастар фору-мын өткізу жоспарланған, 21 қыркүйекте Атырау облысы әкімі-нің кубогі үшін республикалық «Жайдарман» фестивалі өтеді, қазан айында жастар «Atyrau Innovation» инновациялық жобалар байқауына қатыса алады. 29-шы қазанда «Атырау Аруы-2016» сұлулық байқауы өтеді, 15 қарашада ЖОО мен арнайы оқу орындарының студенттері үшін «Күзгі бал» ұйымдастырылады. Мамырдан желтоқсанға дейін «Не? Қайда? Қашан?» ойындары мен «Спикер№7» конференциясы болады.
«Жастарды қолдау орталығы» «Сенің бастамаң» жобасын жүзеге асырады, осы жоба аясында кез келген ниет білдірушілер немесе топтар өз жобаларын ұсынып, қорғап, кейін әлеуметтік жобаларын жүзеге асыра алады. Жыл ішінде осындай 25 жобаға қолдау таныту жоспарланып отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА