Атырау, 29 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ақсақалдар сотқа дейін түрмеден босатылды

2 406 просмотра

Ғатау-Ғали Бохан. Фото: Facebook

Кеше, 31 мамырда ұсталған ақсақалдар – азаматтық белсенділер кепілдікпен босатылды.

Сағынғали ҚАПИЗОВ тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Ғатау-Ғали БОХАН кепілдікпен босатылды. Сот оның пәтерін кепілзат ретінде қабылдауды ұйғарды. Естеріңізге салсақ, 23 мамырда осы екі ақсақалға және біраз жасқа келіп қалған тағы бір митингке қатысушы Құбайдолла ШОЛАҚҚА қылмыс жасауға оқталды деген айып тағылған болатын.

Оларға ҚР ҚК-нің 179-бабы («Билікті басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бабы («Жаппай тәртiпсiздiк») бойынша айыптар тағылып отыр. 23 мамырда сот оларды 2 айға қамауға алуға санкция берді. Шолақты үйқамаққа қалдырды, ал 70 жастағы ақсақалдарды уақытша ұстау изоляторына, кейін тергеу изоляторына қамады.

Осы үшеуі ҚР-ның осы баптары брйынша сотқа дейінгі тексеру ісі басталған 8 адамнан тұратын күдікті топқа кіреді. Бұл топқа белсенділер Макс БОҚАЕВ, Талғат АЯН, Ерлан БАШАҚОВ және басқалар да кіреді. Бұл жандар Жер кодексіндегі даулы түзетулерге келіспейтіндіктерін білдіру үшін 24 сәуірде Исатай мен Махамбет алаңына шыққан еді. Айта кету керек, президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ біраз уақыттан кейін бұл кодекске мораторий жариялады.

Кеше түнде, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу мерзімі өтпес бұрын, оларда арнайы қабылдау орнынан тергеу изоляторына ауыстырды. Соған қарағанда, оларды куәгерлерден айыпталушыларға өзгерткен секілді. Алайда бұл ақпаратты растау мүмкін болмады – туыстары ештеңеден бейхабар, оларға ештеңе хабарланбайды және оларды қамауға алынғандарға жібермейді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1 маусым 2016, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.