Атырау, 27 қараша 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жапонияда банкоматтардан бір мезетте 13 млн долларды ұрлап кеткен алаяқтардың алғашқылары ұсталды

1 526 просмотра

Фото: Flickr/ MShadesЖапон полицейлері үш сағат ішінде жалған карталардың көмегімен банкоматтардан 1,4 миллиард иен (13 миллион доллар көлемінде) ақша алған алаяқтардың екеуін қолға түсірді,- деп хабарлады Bnews.kz.

Биылғы жылдың 15 мамырында құрамы 100-ге жуық адамнан тұратын алаяқтар тобы жалған карталармен банкоматтардан бірмезетте ақша шешу операциясын жүзеге асырған. Олар үш сағат ішінде Жапонияның 16 префектурасындағы 1400-ға жуық банкомат арқылы 1,4 миллиард иенді қалталарына басқан.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, үшінші бір адамнан алған екі картаның көмегімен банкоматтардан 1,2 миллион иен (10 мың доллар көлемінде) алғандарын айтты. Олар осы қызметтері үшін бірнеше жүз доллар сыйақы алған болып шықты. Алаяқтық әрекеттер үшін пайданылған екі карта ОАР және Зимбабве азаматтарының атына толтырылыпты.

Бұл осыдан екі апта бұрын орын алған аса ірі қылмыстық оқиға бойынша ұсталғандардың алғашқысы. Полиция тексеруді жалғастырып жатыр.

Дереккөз: Bnews.kz

1 маусым 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.