Атырау, 3 мамыр 11:50
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ресей: ОПЕК саммитіне қатыспаймыз

2 048 просмотра

Фото: ТАССРесей осы аптада Венада өтетін мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК жиынына қатыспайды және бұдан былай әлемдегі мұнай өндірісін азайтуға тырыспайды,- деп хабарлады Азаттық. Бұған себеп - әлемде мұнай баррелінің бағасы 50 АҚШ долларына жақындады. Бұл туралы Ресей энергетика министрі Александр Новак (суретте) пен оның орынбасарлары журналистерге 2 маусымда басталатын ОПЕК саммиті қарсаңында айтқан болатын.

Ресей бірнеше апта бұрын ғана мұнай бағасының одан ары арзандауын болдырмау үшін ОПЕК-пен мұнай өндірісін азайту туралы келісім жасауға қатты тырысқан.

Бірақ мұнай бағасы барреліне 30 доллардан да арзандаған қаңтардан бері баға әлемдік ірі өндірушілер қандай да бір шара қабылдамай-ақ біраз көтерілді. Мұның басты себебі Нигериядағы тәртіпсіздіктер мен Канададағы орман өртінен мұнай жеткізуде күрт тапшылық туындағанынан болуы мүмкін.

"Қазір мұнай бағасы қалпына келе бастағанын көріп отырмыз және осы жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда бұл мәселе қазір өзекті емес" деген Новак алда мұнай бағасы қалай өзгеретінін бақылап отыратынын айтты.

Новактың орынбасары Анатолий Яновский Ресей ОПЕК саммитіне тіпті техникалық өкілдерін де жібермейтінін, Ресейді жиынға ешкім шақырмағанын айтты.

Дереккөз:Аzattyq.org

1 маусым 2016, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.