Жарты жылдан астам уақыттан бері соңғы аялдамаларға дейін баратын автобус жолаушыларының алдында мынадай көрініс тұрады. Күнқағар астына маршруттық таксидің қызметкерлері, атап айтқанда «Айс Транс Холдинг» компаниясының қызметкерлері жайғасқан.
Аялдамада отырмақ түгілі, тұрудың өзі мүмкін емес. Күнқағар астындағы кішкентай сәкіде жұмысшыларға арналған азық-түліктер салынған үлкен торлы сөмкелер тұрады, одан қалса қызметкерлердің өздері: жүргізушілер, кондукторлар мен диспетчерлер отырады. Жандарында тағамдар қойылған қолдан жасалған үстел тұрады. Автобус қызметкерлері ауа-райына қарамастан, мейлі ол ыстық, шаң, жаңбыр, аяз болмасын, осындай жағдайда демалып, түстенеді.
Көлік қызметі қызметкерлерінің өздеріне осындай еңбек жағдайы ұнай ма, жоқ па, білгім келмек болғанда, олардың «баспасөзбен» байланысқысы келмейтіндіктерін білдім. Қалалық ТКШ және жолаушылар тасымалы бөліміндегілер бұл тендер ұтқан компанияның, яғни «Айс Транс Холдинг» ЖШС-нің жауапкершілік аймағы екенін айтты.
«Айс Транс Холдинг» ЖШС басшысы Мақсот СҮЙІНОВКЕ өзіне бағыныштылардың еңбек жағдайы туралы сұрақ қойғанымда, ол өзінің қолы бос еместігіне сілтеп, кейінірек қоңырау соғуды өтінді. Бірақ кейін тұтқаны көтермеді.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор