Атырау, 29 қараша 00:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алды

9 149 просмотра

Бүгін, 31 мамырда Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алды. Осы атаулы күн елімізде жыл сайын елбасының жарлығына сәйкес, 1997 жылдың 5 сәуірінен бастап аталып келеді.

Шара Жеңіс бағында облыс пен қала басшыларының, жергілікті көрнекті қайраткерлер мен ақсақалдардың қатысуымен сталиндік жылдары жаппай қуғын-сүргіннен қаза болғандарға арналған мемориал жанында өтті. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ монументке бірінші болып гүл шеңберін қойды. Айта кету керек, жалпыұлттық аза тұту күнінде құрмет білдірмек болған шеру жүздеген метрге созылған. Ескерткішке мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, қарапайым азаматтар гүл апарды.

Толық емес мәліметтер бойынша, 1921-1954 жылдары Қазақстанда 100 мыңнан астам адам кінәсіз сотталып, оның ішінде 25 мың адам атылған. Осы жылдары республика аумағында ГУЛАГ жүйесінің ірі Степлаг, Карлаг, АЛЖИР лагерьлері болды. Ал жасанды ұйымдастырылған аштық 30-жылдардың басында, түрлі бағалаулар бойынша, 2,5-нан 4 миллионға дейін адам өмірін жалмаған.


Марат ТАКУЛИН

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

31 мамыр 2016, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.