Атырау, 28 қараша 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Итальяндықтың Атыраудағы қиямет күндері-2

1 856 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алындыАтырау қалалық сотында Италия азаматы Флавио СИДАНИДІ (суретте) заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстаннан шығару туралы азаматтық іс қаралды.

Естеріңізге салсақ, 2010 жылы Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ф.Сидани ҚР ҚК-нің 259-бабының 3-тармағының «б»-тармақшасында («Есірткі заттарды әлденеше рет иемдену, тасымалдау, өткізу») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алған еді («Итальяндықтың Атыраудағы қиямет күндері»).

2014 жылы жаза мерзімінің аяқталуына бір жыл 8 ай қалғанда ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

2016 жылдың 19 сәуірінде қылмыстық жаза мерзімі аяқталғаннан кейін Сидани Атырауға келіп, көші-қон полициясында виза рәсімдей бастады. Ал оның соттылығы өтелмеген деп есептеледі (аса ауыр қылмыстар бойынша соттылық жаза мерзімі аяқталғаннан кейін 8 жылдан соң жойылады). Осыны назарға ала отырып, сот оны ҚР-дан тысқары шығаруға шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 мамыр 2016, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.