Атырау, 28 қараша 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Билік зардап шегушілерге су басу зиянын өтейді

2 044 просмотра

Қалалық әкімдік нөсер жауын салдарынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген зиянды өтеу туралы өтініштер қабылдауды бастады.

Бұл туралы atyrau.gov.kz сайтындағы қалалық әкімдік колонкасында хабарланған.

Өтініштерді Атырау қаласы, Шәріпов көшесі, 4А мекен-жайында №11, №12 кабинеттерде Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қабылдайды. Өтініштерді қабылдау 2016 жылдың 20 маусымына дейін жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Хабарламада анықтама үшін 8 /7122/ 76-60-20, 76-60-21, 76-60-18 телефондары көрсетілген.

Хабарламаға Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы қаулы жалғанған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
27 мамыр 2016, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.