Атырау, 28 қараша 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жүк көліктері үшін шектеулер енгізілді

7 434 просмотра

1 маусым мен 31 тамыз аралығында елімізде «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік!» акциясы өткізілуде. Мәселе мынада, ауа температурасы көтерілген кезде асфальт жұмсарып, ауыр салмақты көліктер өткен кезде жолдар тез тозады.

Шектеу Атырау, Алматы, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жолдарында 25 градустан жоғары температура болған кезде сағат 10-нан 22-ке дейін қолданылады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында акция 15 тамызда аяқталады. Осы өңірде ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде шектеу сағат 11-ден 21-ге дейін енгізіледі.

Атырау облысы бойынша аумақтық көлік бақылау инспекциясының маманы Зұлхарнай МҰҚАШТЫҢ айтуынша, аталмыш кезеңде ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде облыс жолдарында осі 8 тоннадан астам ауыр салмақты көлік құралының жүрісіне шектеу енгізіледі.

8 тоннадан астам автокөлік құралының жүруіне тек аумақтық көлік бақылау инспекциясының арнайы рұқсаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Нормалардың сақталуын көлік салмағын бақылауға арналған аспаптармен, JPS жүйесімен, бейнежазбамен, аудиофиксторлармен және т.б. жарақталған көліктік бақылау инспекциясы инспекторларының екі мобильдік тобы бақылайтын болады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 3-тармағына сәйкес, жүк көліктерінің салмағын асырғаны үшін жеке тұлғалар үшін 50-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін, шағын бизнес субъектілері үшін 100-ден 500 АЕК-ке дейін, орта бизнес үшін 150-ден 800 АЕК-ке дейін, ірі бизнес үшін 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұлдар қарастырылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
26 мамыр 2016, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.