Фото: azattyq.orgҚазақстан парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев украиналық әскери қызметші Надежда Савченко мен Киевте сотталған ресейлік екі әскеридің бостандыққа жіберілуін құптады,- деп хабарлады Азаттық.
Ресей соты Украинаның Луганск қаласы түбінде екі ресейлік журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға түрмеге кескен Надежда Савченко 25 мамырда Украина оралды. Киев оны Украинаның шығысында ұсталған екі ресейлік Александр Александров пен Евгений Ерофеевке алмастырған. Александров пен Ерофеев алғашқы тергеу кезінде өздерін Ресей әскери барлау қызметкерлеріміз деп таныстырған. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі ондай ақпаратты жоққа шығарған. Савченкоға рақымшылық жариялау туралы жарлық Ресей президенті сайтында 25 мамырда жарияланды.
«Надежда Савченконы ресейлік екі әскери қызметкерге айырбастау украиналық дағдарысты реттеу бойынша саяси жігердегі парасаттылық жеңісі» деп жазды Twitter әлеуметтік желісінде Тоқаев.
Дереккөз: Аzattyq.org