Атырау, 28 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Медбикесіз медпункт

1 622 просмотра

Индер ауданы Елтай округіне қарасты Қызылтөбе ауылынан 20 шақырымдай жерде орналасқан медициналық пункт мамандардың тұрақтамауынан бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан.

Елтайдағы дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері Болатбек ҚАНСҰЛТАНОВТІҢ айтуынша, мамандар медпункттің ауылдан алыстығына шағымданады. Медпункт округке қарасты 30 шақты қыстақтағы тұрғындарға арналған, ғимарат аудандық аурухананың балансында. Медпункттің профлистпен қоршалған дуалының жартысы құлап жатыр.

- Бұрын медбике болған. Бірақ ол қазір баламен отыр. Басқа мамандар ауылдан жырақ айдалада тұрған бұл медпунктке баруға ықыласты емес. Қазір қыстақтардағы тұрғындардың денсаулығын біз қарап отырмыз, - дейді Б. Қансұлтанов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.