Атырау, 28 қараша 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Мен агроколледжге жерді шұқылау үшін түскен жоқпын»

1 891 просмотра

Image 0Көрнекі суретОблысымызда алғаш рет жастарды ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуге шақырған жоба іске қосылды. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жазда жерде жұмыс жасауға шақырған үндеуіне оңтүстік облыстардың 15 студенті үн қосты.

Жоба «Жас агро» деп аталады және жастарға бақша дақылдарын өсіру үшін үлкен жер телімдері бөлінеді.

– Төрт гектар болатын осы жер телімі агроколледжге тиесілі. Студенттерге техника беріледі. Біз суарумен қамтуды, балаларды жұмыс орнына дейін тасымалдауды, толыққанды түскі асты ұйымдастыруды өз мойнымызға алдық. Еңбекақы өнімділікке байланысты болады, - деп әңгімеледі облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИ.

Алдымен агроколледж студенттеріне осы ұсыныспен шықтық. Алайда олар немқұрайлы қарады. Содан соң басқа оқу орындарының студенттерімен кездесу ұйымдастырдық. Кездесуге қатысқан 200 баланың бар болғаны 15-і жобаға қызығушылық білдірді. Олардың көпшілігі Атырауға «Серпер» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден оқуға келген екен.

Бұл балалардың ата-аналары ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан мұндай жұмыстар оларға таңсық емес. Балалар демалыстарын қиып, жұмыс жасау үшін қалуға әзір. Тек өздеріне тәжірибелі агроном беруді өтінді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 мамыр 2016, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.