Атырау, 1 мамыр 14:31
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Гастарбайтерлерді тонап келген полицейлер төрт жылға сотталды

2 102 просмотра

Гастарбайтерлерді тонаған екі полицейді 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Оларды, сондай-ақ, шендерінен және ғұмыр бойына құқыққорғау органдарында жұмыс жасау құқығынан айырды.

Атырау қалалық №2 сотында Атырау қаласының ІІБ-нің екі полициясына қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу жорамалы бойынша, 2015 жылдың шілдесінен бастап олар Өзбекстан азаматтарын ұстап, өздерін көші-қон полициясының қызметкерлеріміз деп таныстырып, құжаттарын тексеруді кәсіп қылған. Олар гастарбайтерлерді қорқытып, ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алып отырған. Осылайша, Өзбекстанның бес азаматын тонаған. Ұрланған заттардың жалпы сомасы 800 мың теңгеден асты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұрынғы полицейлер ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағының 2-ші және 3-ші тармақшалары («Тонау») бойынша, 190-бабының 2-тармағының 3-тармақшасы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылды. Оларды ғұмыр бойына құқыққорғау органдарында жұмыс жасау құқығынан айырумен қатар, 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Соынмен қатар бұрынғы полиция қызметкерлері шендерінен айырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 мамыр 2016, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.