Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Беларусь бұрынғы президентіне айыппұл салынды

2 202 просмотра

Беларустьтің бұрынғы президенті Станислав Шушкевичке (суретте) "рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін айыппұл салынды. 24 мамырда Минскінің Центральный аудандық соты Шушкевичкті "заңсыз митингіге қатысты" деп айыптап, 320 доллар көлемінде айыппұл салды,- деп хабарлады Азаттық.

81 жастағы Шушкевич 15 мамырда Минскіде Янка Купала паркінде өткен жергілікті бірнеше оппозициялық топ бірлестігі - Беларусь ұлттық конгресінің митингісіне қатысқан.

Шушкевич Беларусьті ел тәуелсіздік алған 1991 жылдан 1994 жылға дейін басқарған. Ол Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконы ашық сынайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 мамыр 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.