Атырау, 28 қараша 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тыңдауға қатысқыңыз келе ме? Астанаға барыңыз

2 920 просмотра

17 маусымда Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде (ТМРжБҚК) «ҚазТрансГаз Аймақ» (ҚТГА) Атырау өндірістік филиалының (АӨФ) 2016-2020 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейіне қатысты өтінімі бойынша жұртшылық тыңдауы өтеді.

Редакция сауалына ҚТГА АҚ АӨФ директоры Мақсот ӘБУОВ былай деп жауап берді: «ҚТГА АҚ 2016-2020 жылдарға АӨФ таратушы газ құбырларын қалпына келтіру және қолданыстағы активтерді қолдау жөніндегі инвестициялық бағдарламаны әзірлеп, ТМРжБҚК-не қарауға жолдады. Кәсіпорынға 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 мың текше метр үшін 1 269,32 54 теңге (барлық жерде баға ҚҚС-сыз көрсетілген) мөлшерінде газ тасымалдау тарифі бекітілді».

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап күні бүгінге дейін АӨФ үшін бір мың текше метрі 1 266,54 теңге мөлшеріндегі газды тасымалдауға өтемдік тариф қолданылады. Өтінімде монополист 2016-2020 жылдары газ тасымалдаудың орташа безбенделген тарифі бір мың текше метрге 5 701,42 теңге құрауы тиіс екенін көрсеткен, яғни, бұл қолданыстағыдан 4,5 есе көп. Мұнда тарифтер жылдар бойынша былай бөлінген: бір мың текше метр үшін 2016 жылы – 5 357,20 теңге, 2017 жылы – 5 685,35 теңге, 2018 жылы – 5 763,83 теңге, 2019 жылы – 5 710,16 теңге, 2020 жылы – 5 970,50 теңге.

Газды босату бағасындағы тарифтің тасымалдау үлесі тұрғындар үшін 21 пайызды құрайды (тауар газының босату бағасы тұрғындар үшін 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бір мың текше метрге 6 021,42 теңгені құрайды). Монополистің өтінімі толықтай қанағаттандырылған жағдайда Атырау облысындағы табиғи газдың бағасы шамамен екі есеге көтеріледі.

Жұртшылық тыңдауы неліктен Атырауда емес, Астанада өтіп жатыр деген сұраққа М.Әбуов былай деп жауап берді:

– Жұртшылық тыңдауын өткізу тәртібі 2015 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген Ережемен белгіленген. 10-тармаққа сәйкес, тыңдау ведомостволық өкілетті орган белгілеген, кедергісіз кіруге болатын орынжайда өткізіледі. ҚТГА АҚ табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген. Ал мұндай субъектілердің қызметін реттеуді Астанадағы ТМРжБҚК тікелей жүзеге асырады.

– Атырау тұрғындары осы жұртшылық тыңдауына қалай қатыса алады?

– Жұртшылық тыңдауына қатысу үшін ТМРжБҚК-ке жүгіну керек (яғни, Астанаға бару керек – М.С.).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 мамыр 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.