Атырау, 7 желтоқсан 03:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Рим Папасы әл-Азхар бас имамымен кездесті

3 310 рет қаралды

Фото: ReutersРим Папасы Франциск пен Каирдің Әл-Азхар мешітінің бас имамы Шейх Ахмед әл-Таибпен (суретте) 23 мамырда Ватиканда кездесті. Тарихи кездесуде Папа мен имам бір-бірін құшақтап, беттерінен сүйісті. Католик шіркеуінің басшысы исламның сүнниттік бағытының жоғарғы шенді басшысы Ватиканда бірінші рет кездесіп отыр,- деп хабарлады Азаттық.

Кездесу Рим католик шіркеуі мен сүнниттік ислам орталығы Әл-Азхар мешіті бұған дейінгі Папа Бенедикттің мәлімдемесіне наразылық білдірген соң бес жылдық үзілістен кейін жалғасып отыр.

"Біздің кездесуіміз - көпшілікке үндеу" деді Франциск кездесу қарсаңында жасаған қысқаша мәлімдемесінде.

Әл-Азхар мешіті жасаған мәлімдемеде Таибтың Папаның "бейбітшілік пен өзара селбесіп өмір сүруге күш салуға" шақырған кездесуін қабыл алғаны айтылады.

Ватиканның мәлімдеуінше, "шын жүректен шыққан кездесу" жарты сағатқа созылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 мамыр 2016, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.