Атырау, 27 қараша 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

"Россия 1" арнасының Франция жайлы сюжетін әшкерелейтін ролик бір тәулікте миллионнан аса көрілім жинады

Бейнежазба
1 472 просмотра

Фото: Youtube.com"Россия 1" телеарнасының қызметкерлері дайындаған Франция туралы ролик YouTube сайтында миллионнан аса көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Француздың Canal+ телеарнасынан көрсетілетін Le Petit Journal хабарында 15 мамыр күні шыққан "Вести недели с Дмитрием Киселевым" бағдарламасының жалған ақпараты әшкереленді. Le Petit Journal мәліметінше, Дмитрий Киселев "евроскептиктер" туралы айта отырып, еңбек туралы заңға қарсы шықандар туралы сюжет көрсеткен. Онымен қоймай, француз тілінде сөйлегендердің сөзін орысша басқа мағынада жеткізген.

Француз тілшілері "России 1" сюжетінің кейіпкерлерін тапты. Олар сөйлеген сөздерінің орысша қалай аударылғанын білмейтін болып шықты. Кейіпкерлердің бірі ресейлік телеарнаның өзін "нәсілшіл" етіп көрсеткенін айтып отыр. Le Petit Journal тілшілері Дмитрий Киселевпен байланысқа шыға алмапты.

MK.ru басылымының мәліметінше, Киселев өз әрекетіне еш ұялмаған. Ол келесі сюжетін тағы да Франциядағы наразылыққа арнапты. Басылым Киселевтің соңғы уақытта мұндай әрекетке жиі барғанын айтып отыр.


Дереккөз: Тengrinews.kz

24 мамыр 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.