Атырау облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан лауазымынан босатылды.
– Шыңғыс Жәнібекұлы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкадағы Гарвардқа оқуға кетеді, - деп түсіндірді бүгін, 23 мамырда өткен актив отырысында облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ. Ол өзінің енді бұрынғы орынбасарына табыстар тіледі.
Осы жерде Н. Ноғаев өзінің жаңа орынбасарын – бұдан бұрын Махамбет ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарған Әлібек НӘУТИЕВТІ таныстырды.
Бұдан бұрын облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасына басшылық еткен Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Махамбет ауданының жаңа әкімі болып тағайындалды. Осы басқарма бастығының орынтағы әзірге бос тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА