Атырау, 29 қараша 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда өнеркәсіптік алпинистер әйел мен оның бөбегін өрттен құтқарып қалды.

1 985 просмотра

22 мамырда кешкісін «Grand Атырау» тұрғын үй кешенінің 8-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт оқиғасы орын алды. Бұл уақытта үйдің шатырында «ПромАльпКазахстан» компаниясының өнеркәсіптік альпинисттері Александр ШАХОВ пен Андрей ЛОБОВ болған еді.

- Біз үйдің қасбетінде жұмыстар жүргізіп жатқан едік. Жұмысымызды бітіріп, құрал-саймандарымызды жинастырып бастаған кезде, ащы түтін иісін сездім, - деп әңгімелейді Андрей. – Шатырдың жиегіне жақындап барсам, терезеден будақтап түтін шығып жатыр екен. Сол кезде көмек сұрап шыңғырған әйел дауысын естідім.

Жігіттер дереу көмектесуге асығады.

- Біз подъезге түсіп, есікті ашпақ болдық. Бірақ ол бұғатталып қалған екен, - дейді енді Александр. – Кері шатырға шығып, түтін шығып жатқан терезе деңгейіне дейін арқан түсірдік. Мен төмен түстім. Әйел терезе арқылы маған кішкентай бөбегін берді. Андрей арқанды түсірді, онымен әйелді байладым. Осылайша ол түтіндеген пәтер терезесінің алдына шықты. Осы уақыт бойына бізді Андрей сақтандырып тұрды. Әрине, әйел есеңгіреп қалған еді. Біз оны қолымыздан келгенше тыныштандыруға тырыстық. Әйелмен түрлі тақырыпта сөйлесуге тырысқанымызда, бөбегінің әлі бір жасқа толмағандығын, есімінің менімен аттас Саша екендігін білдік.

Өрт сөндірушілер келгенше қанша уақыт өткенін альпинисттер білмеді, сағатқа қарамапты.

- Бізге олар тез келгендей болды, бес минут өткен шығар. Өрт сөндірушілер автосатыны жақындатып, әйел мен баланы жерге түсіріп алды. Оларды «жедел жәрдем» алып кетті. Бәрі дін аман.

Өздеріңіз үшін қауіпті екендігін ойладыңыздар ма деген сұраққа олар:

- Ойлайтын несі бар? Адамдарды құтқару керек болды, - деді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор


23 мамыр 2016, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.