8.30. «АЖ» дереккөзі хабарлағандай, Бәйтерек төңірегінде көшелердің периметрі (шаршысы) бойынша жалғызілікті патрульдер кезекшілік етуде. Кешенге апаратын жаяу жүргіншілер саяжолдары пластик тұрбалармен қоршалған. Осы шаршы бойынша көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда. Алаңның өзінде ешкім жоқ. Кешенге жақын маңда оншақты үлкен ақ автобустар тұр.
10.00. Бәйтерек төңірегіндегі ахуал өзгеріссіз, енді тек патрульдер екеуден тұр. Кешенге өтетін жабулы жүргіншілер саяжолдарындағы патрульдер көбейген.
«Қазақстан жаңалықтары» АА полицияның монумент маңындағы алаңнан бірқатар ақпараттық агенттіктердің журналистерін ұстап, Алматы АІІБ-не автобуспен алып кеткенін хабарлады.
12.30. Біздің Астанадағы дереккөзіміз бірнеше фотосуреттер жолдады – астанадағы бас алаңда ахуал тыныш, көп өзгеріс жоқ.