Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің Азия бетіндегі түбінде жаңбыр суы асфальтты «жеп қойған» (ой-шұңқыры көп асфальттың бүгінде сапасы осындай) және Жамбыл мен Горький көшелерінің қиылысындағы Сатыбалдиев көшесінің көлік жолы бөлігінде үлкен шұңқыр пайда болған.
Жүргізуші Бауыржанның айтуынша, лас судың астында қаланың Азия бөлігінен Еуропа бөлігіне баратын бүкіл көліктерді тұзағына түсіретін «қақпан» жатыр. Шұңқырдан айналып өте алмайды.
Билікке жолдың осы учаскесін лентамен қоршап тастап, көліктерді Жамбыл және Горький көшелерімен айналып өткізген жеңіл болар еді.
Бауыржан кеше осы жерде санитарлық УАЗ көлігінің шұңқырға түсіп кетіп, бұзылып қалғанын айтты. Бір жақсысы, ішінде сол кезде науқас болмаған. Ол бізге шұңқырға көлік түсіп кеткеннен кейін осы жерде қалатын дөңгелек қалпақшаларының, нөмірліктердің сынықтарын, басқа да детальдарды көрсетті. Біз келе жатқан әрбір көліктің шұңқырға қалай түсіп кетіп жатқанына куә болдық.
Біздің жанымызға «Лифан» джипінің Алексей есімді жүргізушісі жақындап келді. Оның көлігі кеше кешкісін осы шұңқырға түсіп кетіпті. Шұңқырдан шыққан соң жүргізуші өзінің мемлекеттік нөмірінің жоқ екенін бірден байқамаған. Біздің көзімізше ол жолдан жырақта жатқан нөмірі жоқ нөмірлікті тауып алды.
Қалалық әкімдікте наурыздың аяғында Теңізшевройл мен НКОК Атыраудағы жолды жөндеуге және салуға ірі сома бөледі деп хабарлаған еді. Қалалық бюджеттен де осы мақсатқа көп қаржы бөлу жоспарланып отыр. Біз жариялау үшін қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТАН асфальттау жоспарланып отырған көшелердің тізімін ұсынуды өтіндік. Сәуірде әкім тізімнің инвесторлардың мақұлдауында жатқанын айтқан болатын. Мамырда осыған қатысты онымен байланысу әзірге мүмкін болмай тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті және бейнежазбаны түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА