Кеше, 19 мамырда 24 сәуір күні Атырауда өткен митингке қатысқан тағы бір белсенді Ерлан БАШАҚОВ қамауға алынды.
19 мамырда ол кешкі сағат 8-дерде қоңырау шалып, өзіне ІІД-ге жаңа шақырту келгенін айтқан болатын. Ерлан өзін де қамауға алатын шығар деп топшылаған еді, солай болған сияқты. Бірнеше сағаттан бері телефоны аймақтан тыс жерде.
Соттағы дереккөз Башақовтың қамауға алынғанын растады, бірақ егжей-тегжейін білмейді екен.
Естеріңізге салсам, бірнеше күннен бері қамауға алулар жалғасуда. Арнайы қабылдағышқа митингте сөз алған Макс БОҚАЕВ, Талғат АЯН және Қасым ҚОЖАНТАЕВ қамалған еді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА