Атырау, 29 қараша 01:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«БЖК»-дағы өзгерістер туралы

2 143 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Әлия ӨТЕПҚАЛИЕВА «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы өзгерістер туралы әңгімеледі.

Екінші деңгейлі банктер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 пайызға дейін көбейді («Даму» тарапынан субсидиялау мөлшерлемесі бұрынғыша қалды – нақты жобаға байланысты 7% немесе 10%).

Айналым қаржысын толықтыруға және ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға «БЖЗҚ» АҚ қаржысы есебінен берілген кепілдендірілген несиелер мен субсидиялау мүмкіндігі қарастырылған.

Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтайтын жаңа өлшемдер енгізілді: Шағын бизнесте бұл - «Даму» өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) оң шешімі шыққан сәттен бастап екі қаржы жылынан кейін кірістің, орташа жылдық жұмыс орындары санының және бюджетке төленетін салықтың 10 пайызға өсуі.

Орташа және ірі бизнесте – ӨҮК-нің оң шешімі шыққан сәттен бастап үш жыл ішінде кірістің және төленетін салық көлемінің 20 пайызға өсуі.

- Әсіресе 180 млн теңгеден аспайтын несиелер бойынша енді кәсіпкерлер «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды өтініш бере алатынын атап өткім келеді, - дейді Ә.Өтепқалиева. 4 мамырда біздің өңірімізде наубайхана ашатын жеке кәсіпкер интернет арқылы өтініш берген еді.

2015 жылы Атырау облысында жалпы сомасы 7,97 млрд теңгеге 61 субсидиялау келісімшартына қол қойылды. Мұнда жалпы кепілдік сомасы 543 млн теңгені құрады. Бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бастап «Дамудан» жалпы кепілдік сомасы 1,383 млрд теңге болатын 91 жоба жүзеге асырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 мамыр 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.