Атырау, 29 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қырық екі пәтер беріледі

3 555 просмотра

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй бөлімі арендалық баспана алу кезегінде тұрған азаматтардан құжаттар қабылдайтындығы туралы хабарлама таратты.

«Баспана ҚР Тұрғын үй құрылыс жинақ банк желісі арқылы «халықтың барлық санаты үшін» бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылады» , – делінген хабарламада.

Нұрсая ықшамауданындағы №92 және 94 үйлерде орналасқан 42 пәтер шығарылады. Соның ішінде; бір бөлмелі – 4, екі бөлмелі – 14, үш бөлмелі – 24 пәтер бар. Құжаттар www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Құжаттарды веб-портал арқылы тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электронды сандық қолтаңба алу қажет.

Құжаттар 2016 жылдың 30-31 мамырында қабылданады.

Құжаттарды веб-портал арқылы тапсыру туралы толық нұсқаунама atyrau.gov.kz сайтында қалалық әкімдік бөлімінде орналастырылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 мамыр 2016, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.