«Шеврон» мен «Билайн» компанияларының қолдауымен «MediaNet» халықаралық журналистика мектебінің әлеуметтік-білім беру жобасының арқасында зейнеткерлер мен жұмыссыздардың, мүгедектігі бар және қоғамның әлеуметтік осал топтарының компьютерлік сауаттылыққа тегін оқу мүмкіндігі пайда болды.
Оқу екі тілде жүргізіледі. Тренерлер ақысыз жұмыс істейді. Қазір курстарға 20 адам барады. Егер ерікті оқытушылар көп болса, олардың саны да көбейер еді.
– Бізге жастар да, зейнеткерлер де келеді. Олардың үйренуіне қарай біз түрлі оқу деңгейін ұсынамыз, - дейді жоба кураторы Әлия ЖӘМИТОВА. – Ештеңе білмейтіндерге қолдануды үйретеміз, анағұрлым дайындығы барларды Интернетке бағыттаймыз. Өз электронды поштасын және әлеуметтік желілерде парақшасын ашудан бастап, виртуалды кеңістікте табыс табуға дейінгі мүмкіндіктерді үйретеміз. Интернеттің көмегімен көп нәрселерді үнемдеуге болады. Мәселен, интернет-дүкендер үнемі жақсы жеңілдіктермен қайта сатылымдар ұйымдастырып тұрады. Коммуналдық қызметтер бойынша интернет-банкинг арқылы да есеп айырысып, қаржы үнемдеуге болады. Бұдан басқа, Интернет арқылы оқып, жұмыс табуға болады. Бізде бірнеше адам осылай жұмысқа орналаса алды. Мамандығы аспаз бір қатысушымыз өзінің кондитерлік өнімдерін әлеуметтік желілердегі парақшасы арқылы ұсына бастады, клиенттері көбейіп жатыр.
Жанар ЖАНҒАЗИЕВА БЦС ауруының ауыр түріне шалдыққан баласын бір өзі тәрбиелеуде.
– Қарапайым компьютерлік дағдыларым бар, бірақ алға қарай жұмыстанғым келеді. Оның үстіне бұл жерде тегін оқытады. Менің интернет арқылы қалай ақша табуға болатындығы туралы идеяларым бар, ал, баламыз екеумізге ақша өте қажет, - дейді Жанар.
Адамдар жылдар өткен сайын басқа қалаларда тұртын немерелерімен, туыстарымен және достарымен хабар алысып тұру үшін әлеуметтік желілер мен скайпты игергісі келеді.
Зейнеткер Светлана АШЫППАЕВАҒА тегін компьютерлік курстар бар екендігі туралы қызы айтыпты. Сөйтіп, ол бұған бірден қызығушылық білдірген:
– Өмір ағымынан қалыс қалғым келмейді. Үйімізде компьютер бар және біреу емес, бірақ үнемі бос болмайды. Үнемі жақындарыңды бірдеңе үйретші деп мазалай беру де ыңғайсыз. Ал, бұл жерде оқытушы бәрін егжей-тегжей түсіндіріп, көрсетіп береді.
– Жаңа еріктілерді тарту арқылы тыңдармандар санын көбейтетін боламыз. Сонымен қатар, «Интернет бизнес үшін» деп аталатын үшінші оқу деңгейін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қызықты болуы тиіс, - дейді Ә.Жәмитова.
Тамара СУХОМЛИНОВА