Атырау, 7 қаңтар 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

Су ортасында қалған мектеп

4 253 рет қаралды

Құлсары қаласындағы №5 орта мектептің бастауыш сыныпқа арналған ғимараты жақында жауған қатты нөсердің салдарынан су ортасында қалды.

Оқушылар бастапқыда №7 мектепке ауыстырылған. Қазір олар №5 негізгі мектеп ғимаратында оқып жатыр.

- Суды сорып жатыр, сонда да таусылар емес. Енді «Сичим» компаниясы су айдау моторын қосып, суды басқа арнаға ағызып жатыр, - дейді мектеп директоры Жұмабике ТӨЛЕПОВА.

№5 орта мектеп ғимараты 1963 жылы салынған. Биыл бұл мектепте күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.