Атырау, 27 қараша 01:04
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Швейцария арнайы қызметінің есебі жарияланды

1 621 просмотра

Фото: azattyq.orgБұрынғы ЮКОС компаниясының иесі Михаил Ходорковский басқаратын "Открытая Россия" ұйымының сайтында қазір Швейцария Біріккен қарсы барлау қызметіне қосылып кеткен швейцариялық Талдау жасау және алдын алу қызметінің құпия есебі жарияланды. Есеп 2007 жылы дайындалған деп көрсетілген. 16 мамырда жарияланған баяндамада Ресей мен постсоветтік басқа да мемлекеттер арнайы қызметтерінің қылмыстық топтармен байланысы туралы айтылады,- деп хабарладыАзаттық.

"Открытая Росиия" сайтындағы құжатта баяндама авторлары арнайы қызметтердің қылмыстық топтармен байланысы барына күмән келтірмейтіні айтылған. Баяндама авторлары бұл байланыс бір-бірімен селбесіп әрекет ету ме әлде тек кейбір жағдайларда өзара әрекеттесе ме деген сұраққа жауап беруге тырысқан.

Құжат авторларының ұйғарымынша, КГБ-ның қылмыстық топ жетекшілерімен өзара әрекеттестігі ГУЛАГ кезеңінен басталған. Лагердегі жағдайды бақылау үшін түрме әкімшілігімен ынтымақтасқан қылмыскерлер пайдаланылған. Совет одағы құлап, КГБ мен оның негізінде құрылған арнайы қызметтерден 100 мыңға тарта қызметкер жұмыстан босаған соң жағдай өзгерген. Құжат бойынша, егер совет кезінде заңды қызметке қатыспайтын "заңды ұры" жазылмаған кодексі болса, 1990 жылдары жекелеген қылмыстық топтар жетекшілері заңды бизнеске кеткен.

Баяндама авторларының есептеуінше, арнайы қызметтен шыққандар мен қылмыстық әлем өкілдері бірлесе жасайтын қызметтердің кең таралған түрі - табиғи ресурстарды шетелге шығару болып саналады.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 мамыр 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.