Атырау, 18 желтоқсан 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Ержүрек старшина және оның командасы

2 489 рет қаралды

Фото: Атырау облыстық ТЖДЕлбасының жарлығымен Құлсары қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің командирі Қонақбай БИСЕШОВ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

…Бұл өткен жылдың тамызында орын алған еді. Құлсары қалалық №2 өрт сөндіру бөліміне көппәтерлі үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түседі. Бұйрық бойынша өрт сөндіру қызметінің екі бөлімі аттанады. Сол жерде 4-қабаттағы екі бөлмелі пәтердің терезесінен балконның өртеніп жатқаны, өрттің жалындап, үй подъезі түгелдеп түтіндеп, 5-қабаттағы пәтерлерде адамдар бар екені анықталады.

Старшина Қ.Бисешов бастаған екінші бөлімнің сарбаздары 5-қабатқа көтеріліп, бекіністік құрал-саймандардың көмегімен металл есікті ашады. Балалардың айқайлаған дауыстары мен жылағандарын естіген Бисешов өрт арасынан жатын бөлмеген жүгіріп, кереует астынан үш баланы тауып алады. Өртеніп жатқан пәтерден балаларды кезекпен көтеріп шығарып, 5-қабаттың терезесі арқылы қызметтестерінің қолына береді. Қызметтестері оларды автосаты арқылы жерге түсіреді. Сөйтіп балаларды аман алып қалады.

Жақында батыр облыстық ТЖД-ның жеке құрамы алдында медаль алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 мамыр 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.