Атырау, 25 сәуір 19:37
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Екі ересек адам мен бір жасөспірім қала маңында 40 үйді тонаған

2 508 просмотра

Қалалық №2 криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы жылдың қаңтарынан бастап шалғай тұрғын үй массивтеріндегі жеке үйлерге ұрлыққа түсіп келген қылмыстық топты құрықтады.

Ұсталушылар Балауса мен Жұлдыз ықшамаудандарында, Еркінқала мен Ақжар поселкелерінде 40 ұрлық жасады деп күдіктелуде.

- Ұрлықтардың барлығы қожайындар болмаған кезде жұмыс уақытында жасалған. Пластик терезенің әйнегін ығыстырып шығарып, қылмыскерлер үйге кіріп, ақшалар мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Содан кейін бағалы бұйымдарды ломбардқа тапсырған. Ұсталған кезде олардан 90 шақты алтын бұйымдар алынды, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ұсталушылар үшеу, екеуі 25 жаста, үшіншісі – кәмелетке толмаған. Үшеуі де Атырау қаласының тұрғындары. Қылмыстық топтың басшысы болуы мүмкін деген болжаммен біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, ұсталушылар мойындау жауаптарын беруде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 мамыр 2016, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.