Мұндай фоторепортаждар шын мәнісінде газеттер мен ақпараттық сайттардың беттеріне шықпауы тиіс.
Өйткені мұндай проблема болмауы керек. Болмауы тиіс, бітті. Өйткені, бұл балалар алаңы, бүлдіршіндердің қуаныштары мен бейқамдығын білдіретін орындар. Алайда балақайларға балшыққа, ұлутастар үйінділеріне (құмды табу өте қиын шығар), ең бастысы, өз денсаулықтарына қауіп төндіріп, осы жерлерде асыр салып ойнауға тура келеді. Әткеншектерге де қатысты солай, нәзік пластиктен жасалған сырғанақ және басқа да элементтер шашылып қалған.
Атыраудан сапалы, жаңбыр суына батпайтын және сыртқы түрімен шошытпайтын балалар алаңын саусақпен санауға болады. Өте қамқор ата-аналар балаларын осындай сапасыз алаңдардан сақтандырады. Дегенмен, бұл таңдау ісі. Ал қалалық биліктерде таңдау жоқ – бұл алаңдарды ретке келтіру керек, әйтпесе балалардан ыңғайсыз болады.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор