Атырау, 29 қараша 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Үш мектептің шатыры ұшып кетті

Сурет
2 626 просмотра


15 мамырда Құрманғазы ауданында күшті жел үш мектептің (Ганюшкинодағы мектеп-интернат, Еңбекші орта мектебі, Нұржау орта мектебі) шатырын жұлып кеткен.

Құдай сақтап, зардап шеккен ешкім жоқ.

Ганюшкинодағы мектеп-интернаттың шатырының жартысына жуығы желмен ұшып кеткен. Сонымен бірге аудан орталығында жекеменшік офис пен машина жөндеу цехы да шатырсыз қалған.

- Орын алған жағдайға байланысты комиссия құрылып, шығындар анықталуда, - дейді Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ - Ганюшкинодағы мектеп-интернат бұдан екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен болатын. Шатырын мердігер тегін жөндейтін болады, себебі оның кепілдік мерзімі біткен жоқ. Ал, Еңбекші және Нұржау мектептерінің шатырын демеушілік көмекпен жөнделеді. Мектептерде оқу жалғасып жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 мамыр 2016, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.