Атырау, 10 ақпан 06:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Армения мен Әзербайжан президенттері Венада кездеседі

2 226 рет қаралды

Фото: ReutersБүгін Венада Армнеия президенті Серж Саргсян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әлсіз бітімді талқылау үшін кездеседі. Саргсян мен Әлиев 5 сәуірде Армения қолдайтын сепаратистер мен Әзербайжан әскерилері арасындағы қақтығыстан соң бітім орнағаннан кейін алғаш рет кездеспек,- деп хабарлады Азаттық.

Бітімге қарамастан, аймақта ара-тұра атыс болып қалады. Австриядағы келіссөзге екі ел президентінен өзге АҚШ, Ресей және Франция өкілдері де қатысады.

Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабаққа қатысты жанжал совет кезінен жалғасып келеді. 1988-1994 жылдары аймақта әскери қақтығыс болып, салдарынан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан, ал Таулы Қарабақтың өзі Әзербайжаннан бөлініп кеткен.

Дереккөз:Аzattyq.org

16 мамыр 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.