Атырау, 27 қараша 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ: ИМ-нің Ирак пен Сириядағы территориясы азайып барады

1 607 просмотра

Бретт Макгерк. Фото: AFPАҚШ-тың "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен күрес коалициясындағы арнайы өкілі Бретт Макгерк ИМ қазір тек қорғаныспен отырғанын, ал ұйым бақылайтын территория көлемі азайып бара жатқанын айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Иордания астанасы Амманда сөйлеген Макгерк АҚШ бастаған коалиция Сирияның Ракка қаласы Ирактың Мосул қаласын азат етуде алға ілгерілеп бара жатқанын айтты. "Іс жүзінде біз күн сайын Мосулға дәлдеп соққы жасап жатырмыз. Үнемі үйлестірілген байланыс жасалады" деді Макгерк. Ол жақын айларда Ракка бағытында "жан-жақты қысым кампаниясы басталатынын" да айтты.

Бретт Макгерк бұған қоса АҚШ президенті Барак Обаманың өткен айда қабылдаған Сирияның солтүстігінде америкалық арнайы мақсаттағы әскер санын көбейту туралы шешімі Сириядағы АҚШ қолдайтын күштердің таяудағы табыстарын нығайтуға ықпал етеді дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 мамыр 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.