Сүңгуірлер қала маңындағы Бесікті поселкесінде Жайық өзенінен табиғат саясына демалуға келген екі ер адамның денесін іздестіруде. Жорамал бойынша олар суға батып кеткен.
Бұл туралы БӨАДҚЖ сүңгуір-құтқару қызметінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВТІҢ айтуынша, 14 мамырда қала маңындағы Бірлік поселкесінің бес тұрғыны Геолог селолық округінің Бесікті поселкесі маңындағы тоғайға табиғат аясына демалуға келген. Біраз уақыт өткен соң олар жағалаудан қолдан жасалған астау қайықты көріп, оған мінуді жөн көреді.
Біреуі саналы түрде бас тартады, қалғандары әлсіз қайыққа мінеді. Қараңғылық үйіріле бастағанда өзен ортасына қайық бата бастайды, ер адамдар жан-жаққа жүзіп кетеді. Алайда жағалауға тек екеуі шығады. Сүңгуірлер судан 35 және 24 жастағы бірліктіктердің денесін іздестіруде. 15 мамырда сағат 16-дағы ахуал бойынша іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ