15 мамырда күндіз Қызылқоға ауданында Ойыл өзенінде қайғылы оқиға орын алды.
БӨАЖҚЖ сүңгуір-құтқару қызметінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВТІҢ айтуынша, 30 жастағы бақташы жар қабақтан қойларды жуу жұмыстарын бақылап тұрған кезде аяғының астындағы жар опырылып, ол суға құлап, батып кеткен. Денені ауыл тұрғындары өзеннен шығарып, туыстарына берді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
15 мамыр 2016, 19:13