Келер жылдың аяғына дейін қолданыста болатын облыстық әкімдік, кәсіподақ орталығы және Атырау облыстық жұмыс берушілер бірлестігі арасында жасалған үшжақты келісім едәуір өзгерістерге ұшырады.
Енді компания басшыларына азаматтардан сотталмағандығы туралы анықтама талап етуге және соттылығы өтелген немесе алып тасталған тұлғаларды жұмысқа қабылдаудан бас тартуға тыйым салынды. Алайда бұл тармақшаның (ҚР заңнамасына сәйкес) білім беру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамту, әлеуметтік қызмет көрсету, мемлекеттік және құқыққорғау қызметтері саласына қатысы жоқ.
Бұдан басқа, жаңа келісім форматына сәйкес, жұмыс беруші қаржылық мүмкіндіктеріне қарай кәсіподақ ұйымдарына қолдау көрсетуге, соның ішінде кеңсе техникалары мен жеке орынжай ұсынуға міндетті. Әлеуметтік серіктестер назардан тыс қалдырмауды ұсынған тағы бір маңызды жайт – инфляция, баға өсімі және т.б. ескеріліп, мүмкіндіктеріне қарай тұрақты түрде орташа айлық еңбекақыны көтеру.
Марат ТАКУЛИН