12 мамырда Қазақстанның премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВ жер реформасы бойынша комиссия құру туралы өкімге қол қойды. Оған парламент депутаттары, түрлі министрліктердің өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері кірді. Атыраудан комиссия құрамына азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ (суретте) енгізілген.
Атыраудағы митингтен (24 сәуір) кейін ел бойынша Жер кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге қарсылық ретінде билік рұқсат етпеген митингтер толқыны жүріп өтті. Қарсы реакция ретінде Н.Назарбаев жыл аяғына дейін жұртшылық арасында резонанс тудырған өзгерістерге – ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатуға және шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімін 10-нан 25 жылға дейін ұзартуға мораторий енгізді. Бұдан басқа, елбасы «Жер кодексінің нормаларын талқылау және түсіндіру үшін» арнайы комиссия құруға тапсырма берді. Бірінші тұлғаның тапсырмасы орындалып, комиссия құрамына 75 адам кірді.
БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ ШАҚЫРТУ ҚАҒАЗЫ КЕЛІП ЖАТЫР
Оған күтпеген жерден Боқаев та енгізілді. Шамасы, Астанада оны осы қозғалыстың негізгі фигурасы деп есептейтін шығар. Дәлірек айтқанда, Атыраудан ол жаққа осындай мәліметтер түскен болар. Сөйтіп, оны өздеріне жақын ұстағылары келген шығар. Алайда Боқаев таң қалдырды: бүгін фейсбукте ол осы құрметті рөлден бас тартатындығы туралы бейнеүндеу таратты. Оған бірнеше негіз бар екен:
- Мен мұндай комиссияның жұртшылық атынан қатысатын мүшелерін әкімшілік емес, жұртшылықтың өздері тағайындауы тиіс деген пікірдемін.
- Тізімде сіздің фамилияңыздың жанында «келісімі бойынша» деп жазылған.
- Менің кандидатурамның кіммен келісілгені маған белгісіз, бірақ комиссияға енгенімді кеше ғана білдім. Алдымен облыстық әкімдіктен қоңырау шалды, содан кейін мұны ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады. Екіншіден, 24 сәуірде азаматтық саналылық танытып, алаңға келген адамдарға қысым жасау жалғастырылып жатқан кезде, мен мұндай комиссия құрамында жұмыс істей алмаймын. Ғұбайдолла ШОЛАҚ, Сергей ШУТОВ, Арман ОРАЗБЕКОВ, Қатауғали БОХАН... ІІД-ден шақыртулар алды. Митингке қатысқаны үшін сервистік қызмет көрсететін шетелдік қатысы бар фирмадағы жергілікті мамандардың бірі зардап шеккен факті бар. Митингтен кейін келісімшарттың бітуіне бір ай қалғанда, осы себепті желеуретіп, онымен келісімшартты бұзған. Осы жағдайларға байланысты қазіргі уақытта комиссияға қатысу орынсыз деп есептеймін.
- Мен тізімде сіздің аты-жөніңіз болады деп күтпеген едім.
- Ал бұл мені таң қалдырмады –проблеманы «шешерміз» деген үмітпен қолданылған бюрократиялық тәсіл, осындай тәуекел бар.
- Мораторий – бұл митингке байланысты едәуір реакция ғой.
- Иә, бұл президенттің реакциясы. Ешкім де халықтан табандылықты күтпеді. Бірақ елбасының қазіргі реакциясы – халыққа жасалған алғашқы қадам ғана екенін түсіну керек. 24 сәуірде адамдар кодекстің қолданысқа енуін кейінге шегеруді емес, одан осы тармақтарды алып тастау керектігін сұрады. Ал қазір не болып жатыр: нақты мерзімдер аталмады, бұл тармақтардың қашан алынып тасталатындығы туралы нақты дата жоқ. Бұл проблеманың шешімі емес, бұл айқынсыздық халық ұмтылмаған кез келген басқа нәтижелерге апарып соқтыруы мүмкін. Ал алаңға жиналғандар бұл түзетулерді алып тастағанша қайта-қайта жиналатындығын айтқан еді.
АДАМДАР АЛАҢҒА ШЫҒАТЫНДАРЫН АЙТТЫ
- Сіз 21 мамыр туралы айтсаңыз. Адамдар сөздері мен ниеттерін жалғастырады деп ойлайсыз ба?
- 21 мамырға қатысты ештеңе шешілмеді, айтатын ештеңе жоқ. 24-інде алаңда болғандар осы жерге келетіндерін айтты. Біз әкімдікке 21 мамырда митинг-концерт өткізуге өтініш бердік. Билік бізге қолдау көрсетіп, мақұлдайды деп үміттенемін. Өйткені митинг-концертті жер реформасын қолдау үшін және қоғамдық келісімді нығайту үшін өткізгіміз келеді.
ЖЕР ТУРАЛЫ ОСЫ ЖЕРДЕН БІЛІҢІЗ
Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы Астанада 14 мамырға белгіленген. Сондай-ақ, өңірлерге комиссияның көшпелі отырыстары өтеді деп жобаланған.
- Комиссияда бүкіл өңірлер қамтылған. Біз елі үшін, оның бейбіт болашағы үшін алаңдайтын шынайы жанашырларды шақырдық. Бүкіл халықты қамту үшін біз комиссия жұмысына облыстық әкімдіктер жанынан құрылған қоғамдық кеңестерді кірістіреміз. Отандастарымыз пікірталастардың барысы туралы нақты ақпарат алуы үшін комиссия БАҚ-тар үшін ашық режимде жұмыс істейтін болады, - деді ҚР бірінші вице-премьері, комиссия төрағасы Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Ол сондай-ақ, арнайы тақырыптық jerturaly.kz порталы іске қосылғанын, ол жерде бүкіл комиссияның жұмысы туралы ақпарат орналастырылатынын, пайдаланушылардың сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алатындықтарын айтты. Бұдан басқа, арнайы Call-center жұмыс істейтін болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары
Үшкемпіров Жақсылық Әміралыұлы – «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері (келісім бойынша), төрағаның орынбасары
Абаев Дәурен Әскербекұлы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі
Абасов Қайнар Бегалыұлы – «Мақта компаниясы» ЖШС директоры (келісім бойынша),
Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Ашығалиев Қатауолла Мерәліұлы – «Ақас» агрофирмасы» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Әбдіғали Берік – Саясаттанушы (келісім бойынша)
Әбдікәрімов Мақсат Серікұлы – «Бағбандар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Әкім Жанұзақ - Халықаралық адам институтының басшысы (келісім бойынша)
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Әшімжанов Жанарбек Садықұлы – Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Бабамұратов Дәурен – «Болашақ» жастар қозғалысының басшысы (келісім бойынша)
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы – ҚР Әділет министрінің орынбасары
ақтыбаев Сайын Рысбайұлы – «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Батталова Зәуреш Қабылбекқызы – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша)
Бәшімов Марат Советұлы – Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры (келісім бойынша)
Бектаев Әли Әбдікәрімұлы – «Ауыл» Халықтық - демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Бисетаев Қайрат Серікбайұлы – «Қазақстан картоп өсірушілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы – ҚР Ұлттық экономика министрі
Боқаев Макс Кебенұлы – «Арлан» үкіметтік емес ұйымының төрағасы (келісім бойынша)
Буканов Сайран Балкенұлы – «Каркен» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Ган Евгений Альбертович – «Астық өңдеушілер және нан пісірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Даринов Әуезхан Камешұлы – «Қазақстан фермерлерң одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі президенті (келісім бойынша)
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы – «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіптік холдингі басшысы (келісім бойынша)
Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы – «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті (келісім бойынша)
Ерманов Жүрсін Молдашұлы – ақын, журналист (келісім бойынша)
Жанғұразов Ибрагим Дәуітұлы – «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі өкілі (келісім бойынша)
Жандосов Ораз Әлиұлы – «Ракурс» Экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)
Жапарқұл Тасқын Тұрғанғазиұлы – «Ернар» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – бас редакторлар клубының басшысы (келісім бойынша)
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы – қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Имандосов Самұрат Жұманұлы – «РЗА» акционерлік қоғамы президенті (келісім бойынша)
Искаков Нартай Жұматайұлы – «Нарол» ЖШС директоры, Ақмола облысы мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Қалиев Ғани Әлімұлы – ҚР АШМ жанындағы аграрлық білім беруді ықпалдастыру, агроөнеркәсіптік кешеннің кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі комиссия төрағасы
Қожахметов Асылбек Базарбайұлы – «AlmatyManagementUniversity» білім беру мекемесінің президенті (келісім бойынша)
Косарев Владислав Борисович – Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің құрметті хатшысы (келісім бойынша)
Кравченко Андрей Николаевич – ҚР Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қуанбаев Нұрлыбек – «Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Құлкенов Мереке – қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша)
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
Күшімов Досмұханбет Қалмаханұлы – «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Манатов Саха Ұзақұлы – «Манат» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
Мырзахметов Асқар Исабекұлы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
Нұрыпбаев Мақсат Ілиясұлы – құқық қорғаушы (келісім бойынша)
Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – «ҚР ардагерлері ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Оспанов Нұрлан Елеусізұлы – «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті (келісім бойынша)
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Платонов Артур Станиславович – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Поляков Александр Владимирович – «Победа» ЖШС басшысы (келісім бойынша)
Рафальский Анатолий Брониславович – «Тайынша Астық» ЖШС басшысы (келісім бойынша)
Сабден Оразалы Сабденұлы – Қазақстан ғалымдары одағының президенті (келісім бойынша)
Сабильянов Нұртай Салихұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Сағындықов Алик Сабырбекұлы – «Қазақстанның аграрлық одағы» республикалық ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы (келісім бойынша)
Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Сағитов Абай Оразұлы – «Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Сағналин Нұрлан – «АкТеп» компаниясының директоры (келісім бойынша)
Сарым Айдос – саясаттанушы (келісім бойынша)
Сауэр Иван Адамович – «Родина» аграрлық фирмасының бас директоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша)
Сейбағытов Даржок – ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагері (келісім бойынша)
Смағұл Бақытбек – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты(келісім бойынша)
Сұлтанғали Серік Сұлтанғалиұлы – «Бірлік» партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Cұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлы – «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы (келісім бойынша)
Тайжан Мұхтар – Болатхан Тайжан қорының президенті (келісім бойынша)
Тілеухан Бекболат Қанайұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Төребеков Абдолла Төребекұлы – Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан фермерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы (келісім бойынша)
Тұмабаев Мұхит Тоғұсқанұлы – «Приречное» ЖШС басшысы (келісім бойынша)
Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы – Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Уразалиев Рахым Алмабек-ұлы – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Хұдайбергенов Олжас – «Макроэкономикалық зерттеулер орталығы» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Шаханов Мұхтар – «Жалын» журналының бас редакторы (келісім бойынша)
Шибұтов Марат Мақсұмұлы – саясаттанушы (келісім бойынша)