Атырау, 18 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Бақылау күшейтіледі

1 590 рет қаралды

"АЖ" мұрағатынанӨңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

Оның айтуынша, биыл 4633 түлек облыс мектептерін бітіреді. Оның 3170-і ҰБТ тапсыруға өтініш жазған. Шамасы, жыл өткен сайын тестілеуге қатысушылар азайып барады: өткен жылы бітірушілердің 73,2 пайызы өткен болса, биыл 68,4 пайыз.

77 түлек «Алтын белгіге», 18-і ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Естеріңізге салсақ, өткен жылы «Алтын белгіге» 100 үміткердің тек 25-і және ерекше үлгідегі аттестатқа 43 үмітердің 8-і ғана өз білімдерін растаған еді.

Атырау қаласының түлектері емтихандарды АМУ мен АтМжГИ-да тапсырады. 7 ауданның әрқайсысында өз тестілеу орталықтары бар. ҰБТ-ның бүкіл орталықтары бейнекамералармен, ұялы байланыс сигналын тұншықтырғышпен, металл іздегіш-рамкамен, бейнетіркегіштеремн және басқа да аппаратурамен жарақталған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
13 мамыр 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.