Жаңа оқу жылында еліміздің барлық бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы енгізілетін болады.
- Алдын ала алынған мәліметтер бойынша біздің мектептеріміз жаңа оқу жылында 15199 баланы қабылдауы тиіс, ал, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 мың балаға артық, - дейді облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА (суретте). – Осыған байланысты мектептерде, әсіресе орыс тілді сыныптарда мұғалімдер жетіспейді.
Иә, бұл жалпы өзекті мәселе. Ресми мәліметтер бойынша Атырау облысының мектептері 450 мұғалімге зәру. Биылғы жылы облыс атыраулық түлектерден басқа Ақтөбе, Орал және Астраханның педагогикалық ЖОО 127 түлекті шақырып отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор