Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы Григорий Родченков ресейлік допингке қарсы қызметкерлер мен арнайы қызмет қызметкерлері Сочидегі Олимпиадаға жақсы дайындалып, 2014 жылғы Ойындардың барысында 100-ге жуық допинг-сынамаларын құпия түрде «тазаларына» ауыстырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі New York Times-ке сілтеме жасап.
Родченковтың New York Times-қа хабарлағанындай, ресейлік допингке қарсы сарапшылар мен арнайы қызметкерлер допинг іздері бар несеп үлгілерін құпия түрде бірнеше ай бұрын жиналған «таза» сынамаларға ауыстырды. Олар әр түн сайын бірнеше сағаттан бір шам ғана жағылған зертханада жұмыс істеп, несеп бөтелкелерін олардың сынаққа келесі күні дайын болуы үшін қабырғадағы құпия тесік арқылы беріп отырған. Родченконың бағалауынша, ойындардың соңына қарай 100-ге жуық «лас» допинг-сынамалары ауыстырылды.
«Біз толық жабдықталған болдық, білім және тәжірибеміз мол болды, Сочидегі ойындарға тамаша дайындалдық», - деп мәлімдеді Родченков.
Ресей құрамасы Сочидегі Олимпиада ойындарының медальдік есебінде 33 медаль (соның ішінде 13-і - алтын) иеленіп, жеңіске жетті. Родченковтың айтуынша, ресейлік спортшылардың наградалар саны көп болуын қамтамасыз етуі тиіс адам өзі болған.
Дереккөз: Іnform.kz