Атырау, 18 желтоқсан 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Покер сотқа жеткізді

1 699 рет қаралды

Атырауда астыртын ойынхана ұйымдастырушыларға сот үкімі шығарылды.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша, жыл басында экономикалық тергеу қызметі «У Нурлана» кафе-саунасының аумағында ұйымдастырылған астыртын ойынхананы анықтады. Покер үстелі, карталар мен фишкалар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар үш ҚР азаматы болып шықты.

№2 Атырау қалалық сотының үкімімен айыпталушының үшеуі де ҚР ҚК-тің 307-бабының 2-тармағының 2-тармақшасында («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») қарастырылған қылмысты жасады деп танылды. Әрқайсысына заңсыз жолмен табылған мүліктерін тәркілеумен, 80 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартумен қоса, 2 жыл 6 айдан бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.