Атырау, 29 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жаңбыр суына толған шұңқырға түскен бала қаза болды

2 530 просмотра

11 мамырда Мақат поселкесінен 15 шақырым қашықтықта жаңбыр суына толған құрылыс шұңқырына 12 жастағы бала шомылып жүріп батып кетті.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Велосипедке мінген төрт бала далалықтан көлемі 80 де 300 метр, тереңдігі 2,5 метр болатын жасанды су айдынын тауып алады. Шомылып жүрген кезде олардың бірі суға батып кеткен. Достары Ақтөбе-Атырау трассасына шығып, өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, жүргізушіге болған жағдайды айтып береді. Жүргізуші ТЖД-ға хабарлайды. Баланың денесін сол күні сүңгуірлер тауып алып, туыстарына жеткізген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
12 мамыр 2016, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.