Атырау, 29 қараша 01:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда тағы бес жаяу жүргіншілер эстакадасы салынады

2 035 просмотра

Атырау қалалық әкімдігі көлік қозғалысы көп болатын көшелерден қауіпсіз өту үшін 2010 жылы Сәтпаев-Пушкин көшелерінің қиылысында салынған өткелге ұсқайтын бес жаяу жүргіншілер эстакадасын салуды жоспарлап отыр.

Өткен жылдың аяғында қаржы бөлініп, Привокзальныйдағы «Лимон» сауда үйі мен «Дина» базары маңындағы Баймұханов көшесі арқылы эстакада салатын мердігер («БК и К» ЖШС) анықталған болатын. Осы жобаны жүзеге асыру белсенді кезеңге көшуде. Сәтпаевтағы темірбетоннан жасалған эстакададан айырмашылығы пилондар (колонналар) мен ферма (аралық) тұтас металлдан жасалатын болады.

Пилондарды дайындаумен «Атыраунефтемаш» зауыты айналысады, деп хабарлады қалалық әкімдіктегілер. Қазір ферма шығаруды жеделдету үшін мердігер басқа металл құрылымын дайындаушылармен келіссөздер жүргізуде. Келісімшарт бойынша бұл жаяу жүргіншілер көпірі 2016 жылдың аяғына дейін салынып болуы тиіс.

Биыл Д.Нұрпейісова атындағы Музыка академиясы маңындағы Сәтпаев даңғылы арқылы эстакада салу үшін қалалық бюджеттен 117 млн теңге бөлінді. «Светлана» автобус аялдамасы маңына; Азаттық даңғылы арқылы – мемлекеттік кірістер департаменті кеңсесінің маңына; Сәтпаев-Тайманов қиылысына тағы үш эстакаданы салуға жобалау-сметалық құжаттар әзір.

Қалалық әкімдіктегілер жобаланған жаяу жүргінші көпірлері Сәтпаев-Пушкин қиылысындағы эстакадаға қарағанда «әдемірек» болатынын айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 мамыр 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.