Атырау, 29 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тұмылдырықсыз болмайды

1 564 просмотра

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА облыстық мәслихаттың «Облыстың елді мекендерінде иттерді асырау және серуендету қағидасы, қаңғыбас иттерді аулау және жою қағидасын бекіту туралы» 13.03.15 жылғы қаулысын еске салады.

Жеке аулаларда иттерді олардың қашып кетуіне және адамдарға шабуыл жасауына кедергі келтіретін жақсы қоршалған аумақта ұстау қажет. Адамдар шоғырланған жерде, қоғамдық көлікте және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа қарғыбаумен және тұмылдырықпен ұстап жүру керек. Ережені бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК-тің 408-бабы бойынша 3 АЕК түрінде жауапкершілік қарастырылған.

Жыл басталғалы иттерді тұмылдырықсыз серуенге алып шыққаны үшін 408-бап бойынша 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.