Атырау, 29 наурыз 19:16
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 040 просмотра

Привокзальныйда 3 мамырда полицейлер қалтасына газет орамасы салынған Еркінқала поселкесінің 46 жастағы тұрғынын ұстады. Орамаға марихуана оралған екен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЕКБ қызметкерлері 8 мамырда Орал мен Астрахан трассасының қиылысынан «Лада Гранта» көлігін тоқтатып, 33 жастағы жолаушыдан 308 грамм марихуананы тапты.

Сол күні Махамбет ауданының Алмалы селосында жеке үйдің сарайынан 1,4 келі марихуана табылды. 49 жастағы күдікті - алмалылық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мамырдың 7-не қараған түні Құнанбаев көшесінде жергілікті полиция қызметкерлері «Лада Ларгус» көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі мас күйде болған. Бір қызығы, 2014 жылдың желтоқсанында ол осындай құқықбұзушылық үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылған екен.

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.