Атырау, 29 қараша 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

9 мамырдағы тәртіп

Бейнежазба
2 873 просмотра


9 мамырда таңертең Жеңіс бағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою үшін келген қала тұрғындарының көпшілігі жағымсыз әсерде қалды. Билік, біздің пікірімізше, «тәртіпті ұйымдастыруға» қатысты артық кетіп қалды.

Баққа гүл шоқтарын қою басталмас бұрын барлық жолдар жабылып, полициямен қоршалған еді. Тәртіп сақшылары адамдарды 3-ші ықшамауданның аулалары арқылы айналма жолға бағыттап отырды. Алайда аула арқылы өтіп барған адамдар басқа қоршауға тап болды. Бақ алдындағы бүкіл алаңды облыстық және қалалық басшылықтың келуіне байланысты қоршап тастаған екен.

Бақтың өзінде саяжолдардың бірінде сап түзу үшін ертемен бақ ішіне кіргізілген еңбек ұжымдары мен мекемелерінің өкілдері күтіп тұрды.

Облыс әкімі Мәңгілік алауға бірінші болып гүл шоғын қойып, сөз сөйледі. Одан кейін қала әкімі гүл қойып, содан соң барып соғыс ардагерлеріне рұқсат етілді. Бұл дәстүр бізде көптен бері қалыптасқан. Ал бұл жақсы дәстүр ме? Бәлкім, өздіктерімен қозғала қоюлары қиынға түсетін 90 жастағы ардагерлерді күттіріп қоймаған дұрыс болар ма еді. Мұның бәрі ең алдымен солар үшін емес пе?

Әрі қарай колонна сап түзеді. Мәңгілік алау алдына костюм киген жігіттер гүл қою шоқтарына бақылау жасады. Оларға адамдардың мемориал алдында кідірмей, екінші саяжолдың бойымен бақтан шығар ауызға қарай тезірек кетуіне бақылау жасау міндеттелген еді. Адамдарды асықтырып, естелікке фотосуретке түсуге, балаларға Мәңгілік алауды қарап шығуға мүмкіндік бермеді. Мемориалдық тақталар орнатылған басқа саяжолдың бойымен жүргісі келгендер көп болды. Бірақ ол жерге де полиция жібермеді. Олардың түсіндіруінше, бұл шаралардың барлығы ығы-жығы шуды болдырмас үшін алынып отыр екен. Сондықтан да костюм киген жігіттер асықтырған адамдар шығар ауызға қарай асықты...

Өткен жылы, мәселен, салтанатты ұйымдастыру шаралары алынған болатын (мұны түсінуге болады, қанша дегенмен, халық көп келеді). Бірақ қазіргідей халық көп болмаған еді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

11 мамыр 2016, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.