Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендер саны артты

1 596 просмотра

Фото: AFPТүркияның Диярбақыр провинциясында полиция мен күрд жасағы арасында қақтығыс ушығып барады,- деп хабарлады 24.kz.

Кеше кешкісін «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары тәртіп сақшыларына қарсы кезекті мәрте террорлық шабуыл жасады. Бұл жолы лаңкестер ұсталған күдіктілерді медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға апара жатқан полицейлерге қастандық жасамақ болып, жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберген. Соның салдарынан 3 адам ажал құшып, 45-сі жараланды. Диярбақыр билігі таратқан мәлімет бойынша, жарақат алғандардың қатарында полицияның 12 қызметкері бар. Қылмыстық оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.

Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған террорлық шабуылды қатаң айыптап, құқық қорғау органдарына содырлардың дереу жауапқа тартылуын тапсырды.

Дереккөз: 24.kz



11 мамыр 2016, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.