Атырау, 29 қараша 01:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Нөсер мен сел кедергі емес

Бейнежазба
2 776 просмотра

Қатты нөсер Маңғыстау облысындағы қасиетті Бекет ата мазарына зиярат етуге барған жандарды абыржытып тастады. 8 мамырда кешкісін ондаған адам тау шыңындағы кемпинг пен оның етегінде орналасқан әулие бейітінің арасындағы баспалдақпен келе жатқан кезде құйып кетті.

Тағы бірнеше жүздеген адам кіруге кезек күтіп мазарға кірер ауызда тұрды. Кенеттен жартастан ойылған баспалдақ сарқыраған су ағынына айналды. Нағыз сарқырамамен шайылып кетпес үшін адамдар бұл жерде таяныш рөліндегі шам жарығы жүйесінің электр кабеліне жабысты. Бәлкім, кабель бұл уақытта ажыратылып тұрды ма екен, әлде адамдарды әулиенің әруағы қорғады ма екен? Қалай дегенмен де, зардап шеккен ешкім жоқ...

Осы жерге әулиенің мазарына зиярат етіп, оның мешітіне аяқ басу үшін келгендердің барлығы табиғаттың дүлей күшіне қарамастан, жораларын жасады. Содан кейін ғана кемпингке оралды.

Кемпингте малмандай су болған жандарға ер адамдардың жаңа жейделері тегін таратылды. Содан соң зиярат етушілерге ыстық бешбармақ пен шай берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Бейнежазбаны түсірген автор


10 мамыр 2016, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.